Бізде Байқоңыр бар, ракетаның қалай ұшатынын экраннан талай көрген шығарсың. Атмосфераны тесіп, ғарышқа жеткенше әбден жұлқынады. Жердің тартылыс күші аяқтан тартады. Гравитация күші жоғарыдан төмен басады. Бұл кедергі белгілі бір деңгейге жеткенше (100 км) мүлдем ажырамайды. Сонда ракета не істейтінін білесің бе?
Жерден алып энергиямен көтеріледі. Алғашқы көтерілу оңай емес. Өте көп күш кетеді. Бір көтерілген соң біраз жерге жетеді. Сонымен, аспанды тіліп, гравитация және Жердің тартылыс күші жетпейтін жерге жетеді. Ары қарай өз екпінімен ғарышты шарлап кетеді. Енді оған ешқандай күш қажет емес. Аз ғана күшпен кез келген бағытқа самғай береді.
Қарап отырсаң, өмірде де сондай емес пе? Сен де бір ракетасың. Өзіңнің жалқаулығың, досыңның сенбеуі, айналаңның қолдамауы, дұшпаныңның кейін тартуы, туыстарыңның тұқыртып төмен басуы саған кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ сен бойыңдағы алып қуатпен оны жеңіп шығасың.
Алдыңнан түрлі сынақтар шығады. Қуатың бітсе, сенімділігің ары қарай сүйрейді. Ол бітсе, ерік-жігерің ілгері тартады. Ақыры мақсатыңа жетесің. Ол кезде саған ешқандай күш қажет болмайды. Сен жетістікке, табысқа жеткен соң ары қарай көп қуат қажет етпейтін деңгейге жетесің.
Ракета секілді зымыра!
Күн сайын шабыт алып тұрғың келсе, JOO.kz посттарын оқы.
Ал грантта оқығың келсе, JOO.kz курсын оқы.
Біз сенің бұл өмірге кездейсоқ келмегеніңді білеміз. Саған өмірден өз орныңды табуға алғашқы дұрыс қадам жасауыңа көмектесеміз. Ол – оқу.
Курс туралы толық ақпарат МЫНА сілтемеде.