Қазақша посттар

Адамның қатесін қалай мойындатуға болады?

Өмірде түрлі адамдармен пікірталасқа түсеміз. Топ боп жұмыс істегенде екі адамның басы піспей қалады. Ол топтың жұмысына кедергі келтіреді. Ендеше, қарсыласты пікірінен айнытып, қатесін қалай мойындатуға болады?





Ешқашан қарсыласқа оның пікірі қате екенін айтпаңыз. Себебі ол бірден қорғанысқа көшеді. Сіздің пікіріңізді тыңдамайды да. Себебі сіз өз позицияңызды көрсетіп қойдыңыз.





Қарсыласқа оның пікірі дұрыс екенін ескертіңіз. Оның аргументтері маңызды екенін айтыңыз. Сосын барып, өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз. Оның пікірі дұрыс екенін айту арқылы оның қорғанысын жоясыз. Ол сізді қарсылас ретінде емес, идеясы бір адам ретінде тыңдайды.





Сосын ол мән бермеген, сіз байқаған, яғни өз пікіріңізді айтасыз. Адам бір мәселенің бір жағын көріп, соны дұрыс шешім деп қабылдап алады. Екінші жағына мән бермей қалады. Сіз сол екінші жағын көре білуіңіз керек.





Адамдарға пікірің дұрыс емес деп айту ұнамайды. Соны басты назарда ұстау керек. Оның жеке пікірімен емес, жеке басымен келіспегендей сезімде болады.