Қазақша посттар
Мотивация

Арманыңды шектеме!

10-11 сыныптың оқушысынан өмірдегі арманың не деп сұрасаң, ол да «ата-анамның үмітін ақтап, грантқа оқуға түсу» дейді. Университет бітірген студенттен сұрасаң, «ата-анамнының үмітін ақтайтын жұмыс табу» дейді. Жас маманнан «Арманың не» деп сұрасаң,


«Әке-шешеме ұнайтын әйел/күйеу табу» деп жауап береді. Бала кезден бізді осылай гипноздап тастады ма әлде өзіміз солай таңдап алдық па?


Бұл өмірді ата-ана үшін сүреміз бе әлде өзіміз үшін бе? Біздің бақытты болғанымыз – ата-ананың үмітінің ақталуы емес пе? Оны келіп грантқа түсумен, үйленумен, көлік әперіп, қажылыққа апарумен шектеп қою қателік боп шығады. Грантқа түсіп оқисың ба, ақылы оқисың ба, жоғары оқу орнында оқымай-ақ адам боп шығасың ба – бәрібір. Бастысы мына заманда қай түрін алсаң да білім алудың жолы көп.


Арман деген – өзіңді, қоғамды, әлемді, еліңді жақсы жаққа өзгертуге бағытталады.