Қазақша посттар

Ақылды толғанамын дегенше...

Шамалап түсініп отырған шығарсыз. Мағынасы: проблеманы шешу жайында ойлана бермей, кіріс.

Математикадан былай дайындалу керек екен, анандай бір әдісті қолдану керек екен, мұғалім мынандай бір тамаша кеңес берді. Қайсысынан бастасам екен? деп жүре берсеңіз, математик болып кетпейсіз. Есеп шығарып бастаңыз. Ал түрлі кеңестерді процесс барысында қолдана бересіз. Ол сіздің жылдамдығыңыз бен өнімділігіңізді арттырады.

Ағылшын тілін үйренудің қаншама тамаша әдістері бар. Солардың қайсысын қолдансам екен деп, ойланбаңыз. Өз бетіңізбен үйреніп бастаңыз. Сосын әдістерді шетінен қолданып көріңіз.

Көрдіңіз бе, барлық нәрсе сол проблеманы шешуді өзің бастаудан басталады. Түрлі әдістер шешім табуды жылдамдатады.

Ендеше, А4 ақ қағазға қандай проблемалар бар, бәрін жазыңыз. Оңайынан бастап шешуге кірісіңіз. Бастау істің жартысын біткенмен пара-пар.