1. "Гарри Поттер және Философиялық тас"
Джоан Роулингтің "Гарри Поттер және Философиялық тас" кітабын оқып көрмесе де, атын естімеген адам жоқ шығар. Бұл кітап өзінің қызықты сюжеті мен кейіпкерлерінің арқасында әлемде өте үлкен танымалдылыққа ие болды. Аталған кітапты ағылшын тілінің деңгейі орташа немесе одан да төмен адамдарға оқуға ұсынылады. Себебі кітап тілі түсінуге оңай әрі мәтіндерінің грамматикасы қатты қиын емес.
2. "Тиффанидегі таңғы ас"
Фильмі де, кітабы да классикаға айналып үлгерген бұл туынды, талай оқырманның назарын өзіне аудартып, сүйікті кітабы мен фильміне айналып үлгерді. Әйтсе де, Трумен Капоттың бұл кітабын түпнұсқада, яғни, ағылшын тілінде оқығанға ештеңе де жетпейді. Кітапта өз-өзіңді танып, өмірден өз орныңды табу тақырыбында сөз қозғалады. Сюжетті толық түсіну үшін кітапты түпнұсқада оқуға кеңес береміз.
3. "Рэй Брэдберидің әңгімелері"
Бұл жазушының еңбектерінен-ақ оның қандай талантты екенін білуге болады. "И грянул гром", "Марсианские хроники", "Космонавт", "Пустыня" секілді әңгімелерін "Pre-Intermediate" дәрежесіне жеткеннен бастап-ақ оқуға болады. Әрбір шығармасында бір терең ой жасырылған Рэй Брэдбериді жақсы көріп, оқымау - нағыз қиынның қиыны.