«Таңыңды қалай бастасаң, күніңді солай өткізесің»
20/20/20 әдісі 1 сағатты 20 минуттан бөліп, ол уақытты жаттығу жасауға, медитацияға және кітап оқуға жұмсауды көздейді.
- Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі алғашқы 20 минутты денеңді қыздырып, жаттығу жасауға жұмса. Бұл миға қан жүгіртіп, жаңа нейронды байланыстардың пайда болуына әсер етіп, күні-бойына көтеріңкі көңіл-күйде жүруіңді қамтамасыз етеді.
- Келесі 20 минутта терең дем алып, армандарың мен мақсаттарың жайлы ойлан. Өзіңді негативті ойлардан арылтып, медитация жаса.
- Соңғы 20 минутты кітап оқу, тіл үйрену секілді ойлануды талап ететін істерге жұмса. Себебі оқып, білім алу - адамның адам болып қалыптасуына көмектесіп, миды дамытады.
Егер 1 сағат уақытың болмаса, онда 30 минутты 10/10/10 әдісіне түрлендіріп, қолдансаң да болады. Ең бастысы, әдісті таңғы рутинаға айналдырып, күнделікті орындап отыруың қажет.