Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Грантқа түсу туралы МИФ ❌

Университетке грантқа түсудің тек қана бір-ақ жолы: ҰБТ-дан жоғары балл жинау.

Бұл - МИФ!


Расында, сенің қабілеттеріңнің көрсеткіші тек ҰБТ емес. Көптеген университеттер осыны ескере отырып, бітіруші түлектердің қабілеттерін білу мақсатында түрлі олимпиадалар ұйымдастырады. Жеңімпаз оқушыларға ішкі гранттарын ұсынады. Ол грантты жеңіп алған оқушы, бар болғаны ҰБТ дан шекті балл жинау қажет (медицина үшін 70 балл т.б).

Содан кейін 4 жыл бойы тегін білім ала алады.


Мысалы, сенің пікірталасқа кабілетің бар болса, оны жоғалтпай, керісінше шыңдай түс. Биыл 12 түлек осылайша, грант иеленді. Ал нақты бір пәнге икемді болсаң, сол пән бойынша тереңірек зерттеп, олимпиадаларға қатыс. Сенің грантың осы олимпиадалардың арқасында келуі әбден мүмкін.

Сол себепті, тек мемлекеттік гранттан ғана дәмелі болудың қажеті жоқ. Үнемі ізденісте бол!