Қазақша посттар

Болашақ студенттерге

Маңызды кеңестер


Екі айдан соң студент болатындарға пайдалы кеңестер



Бұл кеңестерге құлақ түрсең, біраз проблемадан аулақ боласың.





1. ЖОО мектеп емес.

Бұл жерде бәрі басқаша. Ата-анаң сен үшін артыңнан жүгірмейді. Мұғалімдер тіптен шаруасы жоқ. Барлық нәрсеге өзің жауаптысың. Бұдан кейін сен өзіне өзі жауап бере алатын, толыққанды тұлға атанасың.


2. Жұмыс жайлы қазірден ойлан.

Әрине, жұмыс істе деп тұрған жоқпыз. Бірақ мықты маман болуға қажетті қабілеттер, қасиеттерді сіңірудің жоспарын жаса. Жыл сайын бірнеше маңызды нәрсені міндетті түрде орында: шет тілінде мүдірмей сөйлеу, компьютердің тілін білу, эксель, google sheet, презентация жасау, т.б.





3. Жақсы адамдармен достас.

Олар әртүрлі саладан болса тіптен жақсы. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын деген қағиданы ұстан. Ортаңа қарай сен де өзгересің.





4. ЖОО-ның мүмкіндіктерін біліп ал.

ЖОО-да қандай курс, оқу, жеңілдік, бағдарламалар, факультатив, студент алмасу бар екенін зертте. Сосын соларға атсалыс, қатыс, жазыл, мүше бол. Осылай жаңа достар табасың. ЖОО үшін бағалы студентке айналасың.





5. Көп аралас, сөйлес, пікіріңді білдір.

Көпшіл бол. Телефонмен смс жазып сөйлескенше, өмірде отырып, сөйлескенге жетпейді.





6. Алдыңа үлкен мақсат қой.

Қазір еш қиналыссыз тәуекелге баратын мезгіл. Жоғалтатын ештеңең жоқ. Биік мақсат қойып, соған жетуге ұмтыл. Соңына дейін жетпесең де, қаншама нәтижеге жететініңді ойла.





7. Ата-анаға арқа сүйеуді тоқтат.

Яғни, олардың ақшасына, билігіне тәуелді болудан өзіңді құтқар. Өзіңмен өзің жұмыс істеп, дамытатын кез келді. Өзіңді аяққа тұрғыз. Ал ата-анаңа күн сайын хабарласып, жақсы көретініңді білдір.





8. Сен таңдаған мамандыққа қарай ең мықты компаниялардың тізімін жаса.

Оларға жұмысқа тұру үшін не керектігін біл. Сенде әлі төрт жыл бар. Осы уақыт ішінде қанша рет құлап, қайта тұруға мүмкіндігің бар. Тамшы тама-тама тасты тесетіні секілді, тұрақты түрде өзін жетілдірген адамды кез келген компания жұмысқа алады.





9. Саяхатта.

Өзіңмен артып жүретін отбасың, бала-шағаң жоқ. Қазір қыдырып, жер көріп, ел танып қал. Бұл жай ерігу емес, таным көкжиегіңді арттырады. Шабыт сыйлайды.