Тина Силиг – Стэнфорд университетінің профессоры, ал оның курстары университеттегі ең танымал курстардың қатарына кіреді. Осыған орай біз бүгінгі постымызда Тинаның бестселлер кітабынан алынған өмірлік кеңестеріне тоқталатын боламыз.
1. Әрбір қиындықтың артында мүмкіндік болады.
Тина пайда болған мәселені шешу үшін оған әртүрлі қырынан және әртүрлі көзқараспен қараудың маңызды екенін айтады. Сондай-ақ рационалды ойлау мен қатар креативті ойлауды да іске қосу қажет.
2. Әр күн сайын сені миллион доллар күтіп тұрады.
Бұл жердегі "миллион доллар" метафора есебінде қолданылған. Миллион доллар әлемнің мүмкіндіктерге толы екендігін білдіреді. Мысалы, сен күнде әртүрлі адамдарды кезіктіресің және сенің өміріңді өзгерте алатын көптеген жағдайлар болып жатады. Сен солардың барлығына қорқынышпен және қауіппен қарайтын болсаң, онда өзіңе берілген миллион доллар бостан-босқа күйіп кетіп жатыр деген сөз. Сондықтан бұндайды болдырмас үшін өзіңді өмірге жаңадан келген балаша сезініп, айналаңда болып жатқан жайттарға назарыңды аудара отырып, танымыңды кеңейтуге ұмтыл.
3. Сен қандай да бір білімнің өз өміріңе қашан керек болатынын ешқашан да біле алмайсың.
Стив Джобс оқуынан шығып, өмірден нені қалайтынын білмеген кезінде, неге екенін білмесе де, каллиграфия курсына жазылған екен. Ол бұл туралы: "Мен сол кезде каллиграфия курсына не үшін барғанымды білмеймін, бірақ бұл курс мені өзіне тартып тұрғандай болды. Каллиграфия курсында мен шрифтердің комбинациясы жайлы толығырақ үйреніп, типографиялық өнердің осындай керемет боларын алғаш сезінген едім. Арада 10 жыл өте біз "Macintosh"-тің жобасын жасауға менің каллиграфиялық білімдерімді қолдандық. Егер мен 10 жыл бұрын каллиграфия курсына бармағанымда, бәлкім компьютерлерде әртүрлі шрифтер болмайтын да еді" деген екен.
Тинаның кітабын қорытындылай келе, мынадай түйін шығаруға болады: Өзіңе өмірге жаңа көзқараспен қарауға, тәжірибе жасап, қателесуге және өз қабілеттеріңнің шегін анықтауға рұқсат бер! Қанша жаста болсаң да, осыны өзіңе еске салып отырудан жалықпа, себебі бұл сенің мүмкіндіктеріңнің аясын кеңейтуге септігін тигізетін болады.