Көшбасшы - адамдарды дамытып, алға жылжуына ықпал ете алатын тұлға.
Жақсы көшбасшының бойына қандай қасиеттер тән?
1. Жақсы көшбасшы үнемі жаңа нәрселерді үйреніп, өз-өзін дамытуға ұмтылады.
2. Ақылды көшбасшы өткенге жалтақтамайды, есінде сақтайды, бүгінмен өмір сүреді, бірақ әрдайым ертеңін ойлайды.
3. Ұлы көшбасшылар өмірден бірнәрсе алуға емес, керісінше өздері еңбек етіп, жанындағы адамдарды қуантып, өзгелерге қолындағысын бере алатын жандар.
4. Жақсы көшбасшы психолог тәрізді адам жанын түсініп, қажет болған жағдайда көмек беруден де аянбайды.
5. Бүгінгі күннің көшбасшылары адамдарды бір-бірімен байланыстырып, өзгелердің ой-пікіріне құрметпен қарайтын және айналасында болып жатқан оқиғаларға салқын қарамайтын, белсенді адамдар.
Ал көшбасшы болу үшін Менеджмент мамандығын, география-математика пәндерін таңдауың керек. Ол туралы біздің қосымшаның "МАМАНДЫҚТАР" бөлімінен көре аласың.