1. Кевин Гиллилэнд атты психолог қобалжи бастағанда өз-өзіне "Қазір қобалжитын уақыт емес, кейін де қобалжи жатармын"- деп айтады екен. Бұл фраза оған назарын басқа нәрсеге аударып, қобалжуды ұмытуға көмектеседі. Сондай-ақ Кевин қобалжыған кезде өз-өзіңе күш беріп, қолдап, "менің қолымнан келеді"- деп айтудың да маңызды екенін айтады.
2. Клиникалық психолог Джон Даффидің айтуы бойынша стрессті түсірудің ең эффективті жолы - өз ойларыңды конспект қылып, қағаз бетіне жазу. Бұл әдіс саған қобалжуды жеңіп, негативті ойлардан арылуға және мәселенің шешімін тезірек табуға көмектеседі.
3. "Как научиться оптимизму" кітабының авторы, психолог Мартин Селигман стрессті жағдайларда тек қана негативті ойлар мен естеліктерді ойлайтынын мойындайды. Сондықтан бұндай ойлардан арылудың ең оңай және эффективті жолы - қолыңды шапалақтап, дер кезінде "тоқтат" деп айту - дейді Мартин.