1. Виртуалды өмір сүру ортасының дизайнері Виртуалды жиналыстар өткізу мақсатында виртуалды әлемдер құрумен айналысады. Елестетіп көрші: офиста отырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әріптестеріңмен виртуалды түрде кездесіп, бірге идеяларды талқылап отырсың. Керемет емес пе? Бұл мамандық архитектуралық дизайн, редакторлық және психология саласындағы білімдерді қажет етеді.
2. Эксперттердің айтуынша, келесі онжылдық роботтар дәуірі болмақ. Олар адамдарға тек ауыр жұмыстарды жасауға ғана емес, заң ісінде де көмектеседі. Сол үшін келешекте робоэтика адвокаты деген мамандық пайда болады. Бұл мамандық иесі, роботтар мен адамдар арасындағы моральдік және этикалық заңдарды шығаруға атсалысатын болады.
3. Фриланстағы биохакерлер көптеген уақыт бойы ғалымдар зертханаларда отырып жұмыс жасап келді. Бірақ ендігі кезекте, ашық ақпарат көздерін қолдану арқылы, әлемнің әр жерінен ғалымдар бірлесіп, виртуалды түрде , әртүрлі аурулардың емдерін таба алады.
4. Болашақта космосқа саяхат жасау басталады. Сол үшін, космостағы саяхатты сапалы әрі қауіпсіз ететін мамандар қажет. Яғни космогидтерге сұраныс көбейеді. Космогидтер космосқа турлар ұйымдастырумен айналысады.
5. 2030 жылға қарай әлем халқының саны 9 миллиардқа жетеді. Бұл дегеніміз табиғи ресурстардың жетіспеушілігі туындауына әсерін тигізеді. Сондықтан, әлемдегі экожүйелерді оңалтып, флора мен фаунаны және жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктерді қалпына келтірумен айналысатын қоршаған ортаның инженерлері қажет болады.
6. Дене мүшелерін алмастыру және тіндерді қалпына келтіру Бұнымен адам денесінің дизайнерлері айналысатын болады. Олар биоинженерияны білу арқылы, адамдардың өздері қалағандай етіп, дене мүшелерін модельдеумен айналысады.
Осы мамандықтар саған алдағы уақытта мамандық таңдауға көмектеседі деп ойлаймыз. Ең бастысы, өзіңе сенімді болып, армандаған мамандық иесі бол.