1. Музыка стрестен арылуға көмектеседі.
Оған дәлел: 2013 жылы ғалымдар эксперимент жүргізу үшін стресске түскен бір топ адамды жинап, оларды үшке бөледі. Бірінші топқа: баяу әрі тыныштандыратын мелодияны тыңдау; екінші топқа: судың үніне құлақ түру; үшінші топқа: жай ғана тыныштықта отыру тапсырмалары беріледі. Эксперимент нәтижесінде баяу мелодия тыңдаған топ басқа топтарға қарағанда стресстен әлдеқайда оңай әрі тез арылған.
2. Музыка ауырсынуды азайтады.
Фибромиалгиямен (дененің барлық бөлігінде ауырсынуды сезіну) ауыратын науқастар күніне 60 минут музыка тыңдаса, басқа науқастарға қарағанда ауыру сезімі азаятыны анықталды. Ота жасалардан бұрын музыка тыңдайтын науқастар да уайымнан арылып, ауырсынуды аса қатты сезінбейтіндері дәлелденген.
3. Музыка ұйқыны жақсартады.
2008 жылы зерттеушілер 3 топты 3 апта бойы бақылап, олардың зерттеуге дейінгі және кейінгі ұйықтау сапаларын салыстырып, бағалайды. Бірінші топ ұйықтар алдында классикалық әуен тыңдаса, екінші топ аудиокітапты, ал үшінші топ ештеңе де тыңдамай, жай ғана бақылаушы топ ретінде болады.
Зерттеу нәтижесінде классикалық әуен тыңдауды әдетке айналдырған топ, аудиокітап тыңдаған немесе ештеңе де тыңдамаған топқа қарағанда әлдеқайда жақсы ұйықтағандары анықталды.
ҰБТ-ға дайындалғанда, сабақ оқығанда назарды бөлмейтін музыка тыңдауға кеңес береміз. Әсіресе, классикалық музыка кез келген салада пайдалы. Тек сөзін білетін, танитын әндерді тыңдамаған абзал. Әйтпесе, әнге қосылып, билеп кетесің де, сабақ жайына қалады, басыңа кірмейді.