Бүгінгі постымызда интеллектті дамытуға және IQ деңгейін көтеруге кеңестер ұсынатын боламыз.
Интеллект дегеніміз - адамның әртүрлі жағдайларға бейімделу, өзін-өзі дамыту және дұрыс шешім қабылдай білуіне жауап беретін ерекше қабілет.
- Интеллектті дамыту үшін әртүрлі интеллектуалды ойындарды ойнау қажет. Мысалы, шахмат, шашки, домино немесе "Монополия", "Миллионер" секілді үстел ойындары сыни ойлау және мәселені шешу сынды қабілеттерді дамытады. Сондай-ақ арнайы интеллекті дамытуға бағытталған тренингтер мен курстарға да қатысудың пайдасы өте көп.
- Адамдармен араласу, пікірлесу - әлемге деген көзқарасыңды кеңейтіп, сенімділігіңді арттырады. Ал интеллектіңді дамытқың келсе, өзіңнен әлдеқайда білімді, мықты және ақылдырақ адамдармен көбірек араласуға тырыс.
- Адамның психоэмоционалды күйіне сурет салу жақсы әсер етеді. Басқа да өнер түрлерімен айналысу - зейін қою қабілетіңді дамытып, санаң мен ішкі жан-дүниеңді тазартып, қобалжудан арылтады.
- Интеллекті дамытудың ең тиімді жолы - өз-өзіңді дамыту, жаңа нәрселерді үйрену. Бұған шет тілдерін үйренуді, атақты адамдардың автобиографиясын оқуды немесе деректі фильмдерді қарауды жатқызуға болады.