Қазақша посттар
2022-07-26 18:40 Пайдалы кеңестер

Интеллектті дамытуға 4 ерекше тәсіл 🤫

Бүгінгі постымызда интеллектті дамытуға және IQ деңгейін көтеруге кеңестер ұсынатын боламыз.


Интеллект дегеніміз - адамның әртүрлі жағдайларға бейімделу, өзін-өзі дамыту және дұрыс шешім қабылдай білуіне жауап беретін ерекше қабілет.

  1. Интеллектті дамыту үшін әртүрлі интеллектуалды ойындарды ойнау қажет. Мысалы, шахмат, шашки, домино немесе "Монополия", "Миллионер" секілді үстел ойындары сыни ойлау және мәселені шешу сынды қабілеттерді дамытады. Сондай-ақ арнайы интеллекті дамытуға бағытталған тренингтер мен курстарға да қатысудың пайдасы өте көп.
  2. Адамдармен араласу, пікірлесу - әлемге деген көзқарасыңды кеңейтіп, сенімділігіңді арттырады. Ал интеллектіңді дамытқың келсе, өзіңнен әлдеқайда білімді, мықты және ақылдырақ адамдармен көбірек араласуға тырыс.
  3. Адамның психоэмоционалды күйіне сурет салу жақсы әсер етеді. Басқа да өнер түрлерімен айналысу - зейін қою қабілетіңді дамытып, санаң мен ішкі жан-дүниеңді тазартып, қобалжудан арылтады.
  4. Интеллекті дамытудың ең тиімді жолы - өз-өзіңді дамыту, жаңа нәрселерді үйрену. Бұған шет тілдерін үйренуді, атақты адамдардың автобиографиясын оқуды немесе деректі фильмдерді қарауды жатқызуға болады.