1. Көңіл-күйіңнің әрқашан көтеріңкі болғанын қаласаң, ұсақ-түйекке бола жақындарыңмен ұрсыспа. Керісінше, оларды кешіре біл. Кешіру арқылы өзіңе зияны тиетін ашу-ыза сезімдерінен құтыла аласың.
2. Өмірге әрдайым оптимистік көзқараспен қарауға тырыс. Қиын жағдайға тап болсаң да, күлімдеп, өзіңе: «Ештеңе етпес, соңында бәрі жақсы болады» – деп айт.
3. Көңіл-күйің жоқ болса, бұл басқалардың да көңіл-күйі жоқ дегенді білдірмейді. Үйде отыра бермей, серуендеуге шық. Достарыңмен бірге көңіл көтер немесе өзің қалаған жерге барып, ұнаған іспен айналыс.
4. Жүзу спортымен айналысудың пайдасы зор. Су адамға демалып, босаңсуға және көңіл-күйін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ басқа спорт түрлерімен салыстырғанда жүзу спортынан жарақат алу ықтималдығы әлдеқайда төмен.
5. Психологтардың айтуынша, көңіл-күйді көтерудің тағы бір жолы – өміріңе өзгеріс енгізу. Кейде жаңа хобби түрін табу немесе киіну стиліңді өзгерту шынайы қуаныш сыйлайды. Қысқасы, көңіл-күйіңді көтеру - өз қолыңда!