Қазақша посттар
ҰБТ-ға деген қорқынышыңды бойыңда ұзақ ұстама
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға деген қорқынышыңды бойыңда ұзақ ұстама

1. Егер бір мәселе ұзақ мазалап, ойыңнан кетпей жүрсе, онда тезірек ол мәселенің шешімін табуға тырыс. Ал егер бұл сенің қауқарың жетпейтін мәселе болса, ол туралы ұмытып, өзіңді жиналған негативтен босат.


2. Сен бір нәрсені проблема деп көретін болсаң, онда сенің барлық эмоцияларың мен ойларың сол нәрсе жайлы негативке толады. Оны болдырмас үшін әлгі жағдайға қиын мәселе ретінде қарамай, керісінше, сабақ алуға ұмтылғаның жөн. Сонда ол мәселеге емес, өмірлік тәжірибеге айналады.


3. Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгеруің керек. Егер сенің ішкі жан дүниең негатив пен стресске толы болса, онда сен басқаларды қалай өзгертпексің? Сол себепті де, адам жан-жағына үлгі болып, әлемді жақсы жаққа қарай өзгерткісі келсе, ең бірінші, өз-өзінен бастауы қажет.