Қазақша посттар
Мотивация

Бір ұлттың тағдырын өзгерткен адам туралы

Финляндияны қазіргі деңгейге көтерген бір азамат бар, ол – Снелман. Оның жастарға, яғни, сендерге айтқан бір ауыз сөзін беріп отырмыз:


«Елді маскүнемдер мекеніне немесе боқауыз сөз айтылатын жерге айналдыруға ешкімнің қақысы жоқ. Елдің ішінде кез келген жерге түкірмей, қоғамның мүлкіне зиян тигізбей, жаман сөздер айтпай, ауыздарыңа ие болып, өзгелердің де құлақтарын кірлетуші болмаңдар. Қалай болса солай сөйлеу иттің үргенінен де жаман естіледі. Бұл – рухани мәдениетсіздіктің белгісі.


Нағыз жігіт екендіктеріңді дәлелдеудің басқа да лайықты жолдары бар. Мәселен, жүзуді, күресуді, т.б. үйреніп, спортпен шұғылданыңдар.


Көпшілік жиналған жерде өздеріңді мәдениетті ұстаңдар, пайдалы кітаптарды көп оқыңдар. Оқығандарың мен тыңдағандарыңнан нәтиже шығарыңдар»


Снелманның жалынды ұрандарынан бүкіл ел құлақтанып, әр азамат, әр отбасы өзін өзгертуге ұмтылады. Надандық балшығынан шыға алмай жатқан кедей ел бірте-бірте өзгереді. Адам өзгерген соң қоғам өз-өзінен ең жақсы қоғам боп шыға келеді. Түрлі өнерді игеріп, Еуропадағы алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналады.

Елді өзгерткен тұлғаның сөзінен сендер де нәтиже шығарады деген үміттеміз.