Қазақша посттар
ҰБТ-ға қатысушы талапкерге арналған хат!
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға қатысушы талапкерге арналған хат!

Сәлем, талапкер! Сенің жолыңды жүріп өткен аға-әпкелеріңнен бір хат болсын. Адамды белгісіздік қорқытады ғой. ҰБТ қалай болар екен деп уайымдайтыныңды білем. ҰБТ-ға қатысып, грант ұтқан адам ретінде айтарым – бәрі өмірдегідей. Қазір үйіңде қалай отырсаң, мектепте қалай жүрсең, ҰБТ-да да дәл сондай. Екі қолы, екі аяғы бар қарапайым адамдар саған қалай тест тапсыруды үйретеді.


Тест – аспаннан алынған беймәлім зат емес. Өзің мектепте оқыған, JOO.KZ курсында дайындалған материалдар. Сенің қаншалықты тыңғылықты дайындалғаныңды анықтап береді. Санаңның даму дейгейін өлшемейді.


Адамды шыңға шығаратын да, құзға құлататын да – сенімділік. Сенімділікті жоғалтып алма. Ол үшін не істеу керек? Бақылаушыны ағам, комиссиядағы апайды әпкем, камерада отырған көкем деп ойла. Компьютерді мектепте, үйде сан мың рет көріп жүрген компьютерім деп елестет. Сен бұндай тесттің жүзін тапсырдың. Мынау соның бірі деп ойла.

Қатты күшенгенмен, басың қатты жұмыс істеп кетпейді. Білетініңді белгіледің, білмейтініңді кездейсоқ белгіледің. Әркім өзінің еңбегінің нәтижесін көреді.


Соңында айтарым, өзіңді шектен тыс қинама. Болатын нәрсе болады, сондықтан қатты қиналып керек емес. Болмайтын нәрсе болмайды, сондықтан қатты қиналып керек емес. ҰБТ-дан айырып шықсаң, жарайсың! Грантқа түспей қалсаң, түк емес. Өмір саған әлі миллиард мүмкіндік сыйлайды.

Грантқа 100% сеніммен түсу үшін консультацияға өтініш қалдыр. МЫНА сілтемеге бас.