Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ күндерін қалай таңдаған дұрыс? 📆

Бүгін ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүретіні және тестілеу мерзімі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін созылатыны белгілі болды.

Оқушылардың арасындағы қате пікір - ҰБТ-ның біреуін міндетті түрде Мамыр айында, екіншісін Маусым айында тапсыру керек.


Негізі ондай ереже жоқ. Дата таңдауда ешқандай шектеу жоқ, екі тестілеу күнін тіпті қатарынан да қоюға болады. Мысалы, 26 және 27 мамыр.


Бізден кеңес: екі ҰБТ-ның арасын тым алыс қылсаң, ең қажетті деген тақырыптарды ұмытып қалуың мүмкін. Ал тым жақын қойсаң, екінші тестілеу күніне жеткілікті деңгейде дайындалып үлгермейсің.


Ең қолайлы интервал - 2-3 апта.

Тағы бір кеңес, ҰБТ-ға бір күн қалғанда дайындалуды тоқтат. Ұйқыңды қандырып, демал. ҰБТ-ға сергек баруға тырыс.