Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Әр күніңді өнімді өткіз!

1. Дүйсенбі – аптаның алғашқы күні. Сондықтан бұл күнді маңызды, қиын істерді атқарумен емес, оңай және қарапайым жұмыстарды жасаудан бастағаның жөн. Сондай-ақ дүйсенбі алдағы аптаға жоспар құрып, өткен аптада бастаған істеріңді аяғына дейін жеткізуге де ең қолайлы күн.


2. Сейсенбі және сәрсенбі – бұл адамның ең өнімді болатын күндері. Аптаның осы күндері зейін қойып жасауды талап ететін істермен айналысып, барлық маңызды шаруаларыңды осы екі күнде атқаруға тырыс.


3. Бейсенбі күні демалуға әлі ерте. Шұғыл шаруаларың немесе аяқталмай қалған істеріңді бітіруге ұмтыл.


4. Жұма – бұл күні босаңсып, демалуға дайындала бер. Сонымен қатар

жұма шығармашылықпен немесе хоббимен айналысып, аптаны қорытындылауға да ең ыңғайлы күн.

Осылай әр күніңді жоспарлап отыру – уақытың мен энергияңды барынша тиімді пайдаланып, әр аптаңды өнімді өткізуге көмектеседі.