Сананы тулап жатқан ойлар ағынынан демалдырып, біруақыт тыныштық беріп тұру керек. Оны бірден жасай салу оңай емес. Оған да дайындық керек. Сильва әдісі деген атпен танымал тәсілдерді жасап көр.
Алғашқы әдіс: Өзіңе ыңғайлы жерге отырып, көзіңді жұм да, терең тыныс ал. Әрбір тыныстаған сайын денеңді бос ұстап, 3-тен 1-ге дейін сандарды көз алдыңа елестетіп, әрбір санды ішіңнен үш рет қайталап, айтып отыр. Санаң мен денең әбден босаңсып, тыныштық күйіне енгенше күт. Бұл сананы тыныштандырып, стрессті басу үшін аса тиімді әдіс.
Екінші әдіс: Қандай да бір мәселенің шешімін таба алмай, қиналып жүрсің бе? Алдымен ойша мәселенің пайда болу себебін елестетуге тырыс. Ал енді көптен бері шешімін таба алмай жүрген мәселеңнің шешіліп, өзіңнің сол кезде қандай сезімде болатыныңды елестет.
Жоғарыда сипатталған әдіс кез келген проблеманың шешімін табуға бағытталған әрі визуализациямен тығыз байланысты.