"Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, әдетің - мінезіңе айналады, мінезің - сенің тағдырың", - деген екен Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Бір істі әдетке айналдыру үшін 21 күн қажет, ал ол әдет сенің өміріңнің бөлігіне айналу үшін 40 күн кетеді. Егер сен күн сайын баяу жүгіруді қолға аламын деп шешсең, онда «қолымнан келмейді/қаламаймын» деген ой болса да мұны 21 күн қатарынан жасауың керек.
Егер кем дегенде бір күн өткізіп алсаң, бәрін қайтадан бастауға тура келеді. Олай етпеген
жағдайда жүгірмегендіктен өзіңді нашар сезінесің.
Ең басты кеңес — бастаған істі жарты жолдан тастап кетпеу. Егер 15 күн шыдаған болсаң, неге тағы 6 күн шыдамасқа? Егер дәл қазір берілемін деп шешсең, бұл істі неге бастадың? Не үшін күш жұмсадың?
Ұмытпа: 21 күн ережесі кез келген — жақсы не жаман — әдетке қатысты жұмыс істейді.
Қазір ҰБТ-ға дайындықты әдетке айналдыруға кеш емес. Біздің курста әрбір оқушыға жеке дайындық жоспары құрылады, сондықтан сен ешкімнен қалып қоймайсың. Басқа мыңдаған оқушылар сияқты, JOO-мен бірге ҰБТ-ға дайындықты әдетке айналдыр. Жазылу үшін МЫНА сілтемеге өт.