Қазақша посттар
2022-08-03 16:52 Мотивация

Басқадан кем болмас үшін...

Ахмет Байтұрсыновтың керемет сөзі бар: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді һәм күшті болуымыз керек, білімді болуға оқу керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек». ✊🏻


Бұл сөз қазіргі жастарға айтылған ұран іспеттес. Қарап отырсаң, осы мәселелердің алғашқы кілті – білімде. Білім алған адамның көзі ашылады. Бір мамандықты игеріп, мықты маман болады немесе кәсіп бастайды. Білім алған адам надандықтан алыс болады. Алауыздыққа түспей, бірігуге ұмтылады. Жүзге, руға, жерге бөлінудің ақымақтық екенін санасымен ұғады. 🧐


Тарих қайталанады. Заман бір орнында тұрмайды. Бүгін біреуге қонған бақ ертең басқаға көшеді. Қазақстан келешекте дамып, білім жағынан озық ел болатынына сен! 😎

Білімнің алғашқы сатысы – мектеп болса, екінші сатысы – университет. Оған грантқа түскің келсе, 2021 жылы 1000 оқушының 992-cін грантқа түсірген курсқа қатыс. Ол курс – JOO.kz курсы, дәл қазір ақысын 12 айға бөліп төлей аласың. Толығырақ МЫНА сілтемеден көре аласың.