ҰБТ, емтихан – стресс туғызатын сынақтар. Қазіргі заманда стресс туғызатын заттар аз емес. Жаман жаңалықтар, карантин, айқай-шу, адамдардың сынауы, туыстардың сөзі, ата-анаңның сыны, т.б. Бір-екі сағатта жоқ боп кететін стрессті көтеруге болады. Ал 8-9 ай бойы жалғасатын стресстен қалай арыламыз?
1) Жақсы нәтижеден үміттен.
«Бәрі сәтті өтеді. Қолымнан келген барлық қабілетті қолданамын. Жолым болады» деген секілді дұрыс сөздерді жиі айтып жүр. «Емтиханнан өте алмай қалсам, сонда масқарам шығады. Ата-анамның үмітін ақтамай қалам ба деп қорқамын. Дайындығым нашар» дейтін бұрыс сөздерді мүлдем айтпа. Ішкі дүниең дұрыс болса, сыртқы бейнең де дұрыс.
2) ҰБТ-ны ойша тапсырып шық.
Бір жылдық дайындықты ұмытып қалмаймын ба деп уайымдамас үшін, емтиханды көз алдыңа елестет. Аудиторияға қалай кіргенің, компьютерді қосқаның, сұрақтарға жауап бергенің, арасында су ішкенің, калькуляторды қолданғаныңды ойша жаса. Дәл ҰБТ күні сенің ойлағаныңдай өтеді.
3) Сынақ емтихандарын тапсырып тұр.
ҰБТ-ға қанша уақыт кетсе, сынақты да дәл сондай уақытта тапсырып шық. Олимпиада чемпионы бірден алтын алмайтыны белгілі. Сондықтан практиканы көбейту қажет.
4) Демал.
Апталап сабақ оқи бермей, арасында достарыңмен кездесіп, демал. Демалыс та әрекеттің бір түрі. Теннис ойнауға, серуендеуге, билеуге, футбол ойнауға бар.
5) Шығармашылықпен айналыс.
Стрестті жеңетін ең жақсы амал – осы шығармашылық. Сурет сал, боя, өлең жаз, кітап оқы, ән айт, биле. Бұған бірнеше сағатыңды арнасаң болады.
6) Стресс боп жүрсең, құрамында кофеин бар сусындарды, тез сіңетін көмірсудан тұратын ұн тағамдарын тұтынуды азайт. Ақуызы көп табиғи тағамдарды қолдан. Тәттінің орнын жаңғақ пен балға ауыстыр.
7) Эмоцияңды іште сақтама.
Сен деген робот емессің. Сезімді біреумен бөлісу қажет. Не уайымдатады, емтиханның қай жерінен қорқасың, соны отбасыңмен, досыңмен бөліс, сырлас. Олар саған қолдау көрсетеді.