Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Cенің икемділігің қандай? 🧠

Стив Джобс пен оның инженер досы Стив Возняк екеуі бірігіп, компьютерлер жасап сатуды қолға алған кезде, олар көп табыс табуға ұмтылған жоқ. Керісінше, олар өздерінің компьютер жасауға икемдері келетіндерін біліп, қолынан келетін іске бар ынтасын салуға тырысты.


Apple корпорациясын да Стив Джобс жай инженерлікке деген құлшынысының арқасында құрды деп айта алмаймыз. Ол бұл корпорацияны жетістікке жету үшін емес, өзінің электронды құрылғыларды жасап шығаруға икемділігінің бар екендігіне көзі жетіп, әлемді өзгерте алатындығына сенімді болғандықтан құрды.


Түйін: Қолыңнан келетін, икемің бар іспен айналысу сені міндетті түрде жетістікке жеткізеді. Жай ғана құлшыныс болуы жеткіліксіз, сондықтан әрдайым өзіңді жан-жақты дамытып, сен де мына кірпіш дүниенің, кетігін тауып қалануға ұмтыл.