ӘКІМДІК ГРАНТ ДЕГЕН НЕ? 🔥
Әкімдік грант - жергілікті әкімдік бюджеттен бөлінетін грант түрі. Шәкіртақыны да, 4 жылдық оқу ақысын да студент үшін әкімдік төлейді. Бірақ, бір шарты бар. Әкімдік грантпен оқыған студент оқуын аяқтаған соң қай әкімдіктің грантын ұтқан болса, 3 жыл бойы сол қалада мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндетті.
Мысалы, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мұғалімдік мамандықтарға арнап 500 грант бөлді. Демек, 4 жылдан кейін Нұр-Сұлтан қаласына 500 мұғалім керек. Және сол үшін олар грант бөледі.