Қазақша посттар
Оқушы үшін нәтижелі болу жолдары
Пайдалы кеңестер

Оқушы үшін нәтижелі болу жолдары

📌Сыныпта айтылған материалдарды жазыңыз

Теориялық материалдарды қысқартып дәптерге түсіріп ✍🏻отырсаңыз тақырыптың көп бөлігі есте қалады.


📌 Тақырыпқа зейін қойып, басқа істерге назар аудармауға тырысыңыз.

Егер емтиханға дайындық барысында әлеуметтік желілерге🤳🏻 т.б істерге көңіл аударып кетсеңіз, уақытыңыздың көп бөлігін босқа жұмсайсыз.⌛ Одан да ұялы телефоныңызды 1 сағатқа ысырып қойып, жұмысыңыз біткен соң өзіңізге 5-10 мин үзіліс жариялауға кеңес береміз.


📌 Қандай көлемдегі материал және қанша уақыт үйрену керек екендігі туралы нақты жоспар жасаңыз.

Сіз де көбісі секілді емтиханға аз уақыт қалғанда немесе тіпті 1 күн қалғанда дайындықты бастайтындардың қатарынансыз ба? Олай болса, келесі кеңес сіз үшін.💁🏻 Ең дұрысы емтиханға дайындықты ерте бастап, күніне кемінде 15 мин дайындықты 1 сұраққа арнап тұру керек, осылайша сіз міндетті түрде барлық материалдарды қамти аласыз.✅


📌Жұмыс орныңызды ретке келтіріңіз

Таза үстелде, тыныш әрі желдетілген бөлмеде жұмыс жасаңыз. Бұл сізге жүйелі болуға көмектеседі.💭


📌Жұмыстарды маңыздылығына сай бөліңіз

Алдымен аса маңызды сұрақтарға немесе сізге қиындық🤔тудыратын тапсырмаларды орындауға тырысыңыз.


📌Материалдарды қайталауды демалыспен алмастырып 🔄отырыңыз, мысалы, белсенді физикалық жаттығу жасаумен.⛹🏻