Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

4 таңдауды қалай жасау керек?

Талапкер грант конкурсына өтінім жібергенде 4 университет пен 4 мамандық таңдайды.


Мамандықты қалай таңдау керек?

Ең алғашқыларына арманыңдағы мамандықты жаз. Себебі грант конкурсында ең біріншісіне грант ұтып алсаң, қалған үшеуі автоматты түрде жойылады.


Университетті қалай таңдау керек?

Egov арқылы өтінім жібергенде университеттер тізімі сен таңдаған мамандыққа байланысты беріледі. Мысалы, егер «Стоматология»‎ мамандығын таңдасаң, сен тек осы мамандықты оқытатын университет таңдай аласың.


Гранттар университетке емес, мамандыққа бөлінетінін ұмытпа. Сондықтан 4 мамандықты да бірдей қылып таңдап, бірақ әртүрлі университет таңдасаң, онда сенде грантқа түсуге 4 мүмкіндік емес, тек 1 мүмкіндік болады.


Ал керісінше жасауға болады: 1 университет, 4 түрлі мамандық. Бұл жағдайда сенің мүмкіндігің артады.

4 таңдау туралы барлығын МЫНА видеода айттық. Толық түсініп алу үшін көріп шықсаң болады 🧡