1. "После заката" деп аталатын Стивен Кингтің кітабы қорқынышты оқиғаларды ұнататын оқырмандарды таңғалдырмай қоймасы анық. Егер сен де сондай оқырмандардың қатарынан болсаң, осы кітапты міндетті түрде оқып көр, еш өкінбейсің.
2. Адам жанының психологиясы мен мінезін, достық қарым-қатынастарын әсерлі суреттеп, жеткізе білген Андре Моруа атты жазушының "Фиалки по средам" деген кітабын оқып көруге кеңес береміз. Кітап саған естен кетпес әсер қалдырып, көңіліңнен шығатынына нық сенімдіміз.
3. Сомерсет Моэмның "Шесть рассказов, написанных от первого лица" деген атпен танылған кітабы астарлап жазылған анекдот-әңгімелерден тұрады. Бұл кітапта Моэмның Лондонның ақсүйек топтарынан шыққан сұлу арулары мен қадірменді джентльмендерін өзіне тән ерекше әрі орынды әзілімен орнына қойып, шын бейнелерін әшкере етіп, қылықтарын сынға алып отыратыны көрініс табады.