Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Мамандық қалай таңдау керек? 🧐

Адам баласы үшін өмірдегі маңызды қадамдардың бірі – мамандық таңдау. Мамандық таңдау кезінде бірі бала кездегі арманына жол тартса, енді бірі тіпті кім боларын түсіне алмай, әбден шатасады. Ендеше біз сендерге арнап, мамандық таңдауға шағын кеңес қалдырдық.


Мамандықты темпераментіңе байланысты таңда. Темперамент дегеніміз адамның психологиялық, эмоциялық ерекшелігі. Жалпы ол 4 түрге бөлінеді;

  • Холерик – өте шыдамсыз, әрі бірбеткей. Оларға сай мамандықтар да сәйкесінше жиі қимыл мен ізденісті талап етуі қажет.
  • Флегматик – бастаған істі соңына дейін жеткізе алатын, техникамен жұмыс жасағанды ұнататын сабырлы адамдар типі. Дәл осы темпераментке ие атақты тұлға И.Ньютон. Ендеше, сен осы типке жатсаң, ғылым саласы саған арналған.
  • Меланхолик баяу қимылдар мен қолдауды үнемі қажет етеді. Тыныштық пен шағын ортаны ұнататын бұл тип үшін табиғатпен жұмыс жасау ең дұрыс шешім.
  • Сангвиник – рухани көшбасшы, адамдармен байланыс құралы. Мұғалім, психолог, менеджер мамандықтары осы темпераменттің нағыз ортасы.

Басқа да мамандық таңдаудың тәсілдері сен үшін қызықты болса, төменге пікір қалдырып, өз темпераментіңмен бөліс.