Бүгін біз 48 жасқа жақындағанда әлемдегі ең бай 50 адамның қатарына кірген, Марсқа ұшу үшін арнайы ғарыш кемесін ойлап шығарған және тұтастай бір аралды күн энергиясымен қамтамасыз еткен, еңбекқор әрі табанды миллиардер Илон Маск жайлы сөз қозғайтын боламыз.
Илон Маск - кішкентай кезінен алғыр, зерек бала болып өскен. Ол бар болғаны 12 жаста болғанда компьютерлік ойын жасап шығарады. Ал 17 жасында туған жерін тастап, Америкаға оқуға кетеді. Алайда Маскты оқу емес, әлемге танымал интернет-компания құру көбірек қызықтырады.
24 жасында Маск ағасымен бірігіп, Zip2 компаниясының негізін салады. Одан кейін екеуі газеттерді онлайн форматқа көшіріп, цифрландыруды қолға ала бастайды. Алайда ағалы-інілілердің бұл ойына ешкім қызыға қоймайды. Бірақ ағайындылар бұнымен тоқтап қалған жоқ, олар үздіксіз еңбектеніп, ақыр соңында The New York Times және Hearst Corporation секілді медиа гиганттарының назарын өздеріне аудартады. 1999 жылы Comraq компаниясы Масктың стартапын ақшалай 307 миллион долларға сатып алады.
Сөйтіп небәрі 28 жасында Илон Маск миллионер атанады.
Масктың жаңа инновацияларға деген қызығушылығы одан сайын артып, ол PayPal қаржылық компаниясының негізін қалайды. Ал 2002 жылы Маск PayPal-ды 1.5 миллиард долларға сатып жібереді.
Дәл сол жылы Илон SpaceX-ті құрып, Марсты колонизациялауды алдына мақсат етіп қояды. Бұл идея инвесторлардың көңілінен шықпайды, сол себепті Маск өзінің бар жиған-тергенін(100 миллион доллар) SpaceX компаниясына құюға мәжбүр болады.
Нәтижесінде, Маск Starship атты ерекше ғарыштық кеме жасап шығарады. Бұл әлемдегі ғарыштық кемелердің ішіндегі ең мықтысы саналады.
Илон Маск болашақты құр армандап қана қоймайды. Ол басқалар мүмкін емес деген нәрсеге кірісіп, оның мүмкін екенін дәлелдеп, болашақты жасайтын адам. Илон Маск - нағыз үлгі алуға тұрарлық, таңғажайып новатор тұлға.