Қазақша посттар
Нан пісіруді білгенге дейін надан едің
Мотивация

Нан пісіруді білгенге дейін надан едің

Білім – адамзатқа берілген ең үлкен нығмет дейміз бе, сый дейміз бе, артықшылық дейміз бе, бәрі жарасады. Біз бәріміз туғанда надан болатынымыз анық. Әр нәрсені ұстап, дәмін татып, түртіп үйрене бастаймыз. Әріп танып, әлемді оқимыз. Бір нәрсені тереңірек білген сайын сол туралы надандықтан арыламыз.


Білімнің үлкен төрт қаруы бар:

- Бірлік

- Байлық

- Сауаттылық

- Үміт


Қарап отырсаң, қазіргі заманда осы төрт нәрсе адамзатқа жетіспейді. Әсіресе, Азия халықтарына, оның ішінде Қазақстанға. Осы төрт нәрсе жетіспегендіктен, оның орнына төрт проблема туындаған. Олар:

- Алауыздық

- Кедейлік

- Надандық

- Үмітсіздік


Осы төрт проблеманы шешетін – білім ғана. Дұрыс білім алған адамдар бір-бірімен алауыздық танытып, қырылыспайды.

Сапалы білім алған адам кедей болмайды. Білімін, еңбегін сатып, күнкөрісін таба алады. Қазіргі уақытта ең бай кісілер – білімділер. Ең мықты компаниялар да білімге құрылған. Майкрософт, Фейсбук, Уатсап, Инстаграм, Амазон, Тесла, айта берсең көп.

Дұрыс білім алған адам надандықтан арылады. Надандық дегеннің түпкі мағынасы – қалай істеуді білмеу. Нан пісіруді білгенге дейін надан едің. Оны қалай пісіруді білген соң сауатты болдың.

Пайдалы білім алған адамда әрдайым үміт болады. Білімі жоқтар үмітсіздікке салынады. Себебі ненің қалай екенін, қалай жүзеге асатынын, болашағын білмейді.

Сондықтан, қазақта «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен» деген сөз бар. Біліммен қаруланыңдар, жастар!