Қазақша посттар
Миың ТЕМА істегенін қаласаң
Пайдалы кеңестер

Миың ТЕМА істегенін қаласаң

1. Үйдегі жиһаздардың орнын ауыстырып отырудың миға пайдалы екендігін білесің бе? Мысалға алсақ, жай ғана теледидар мен үстелдің орнын ауыстырып қоюдың өзі - есте сақтау қабілетін жаттықтыруға көмектеседі.


2. Тек қана заттардың емес, өзіңнің де орын ауыстырып отыруың, ми жұмысына позитивті әсер етеді. Зерттеулер нәтижесінде саяхаттау дофамин, окситоцин секілді бақыт гормондарының секрециясын ұлғайтып, нейронды байланыстардың қалыптасуын жеделдететіні анықталды. Алайда кейбір жағдайларға байланысты, шынайы өмірде саяхаттай алмасаң, виртуалды түрде саяхаттауыңа болады. Онда тұрған ештеңе жоқ, "Google"-ді аш та, виртуалды саяхатты баста!


3. Физикалық жаттығулар мидың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Атап айтсақ, ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлауды жақсартады. Сондай-ақ таза ауада серуендеп, жүріп қайту - ми қыртысының ұлғайып, кеңейуіне септігін тигізеді.


4. Адам миы үнемі өзін-өзі дамытып отыру мүмкіндігіне ие. Ол мүмкіндікті дұрыс пайдаланғың келсе, сен үздіксіз ізденіп, жаңа нәрселерді үйреніп отыруың қажет. Солардың бірі - қызықты хобби түрін тауып, сонымен айналысу. Хобби саған оқудан немесе жұмыстан шаршап келгенде, көңіл- күйіңді көтеруге көмектеседі. Сондықтан саған қазірден бастап өзіңе ұнайтын хобби түрін таңдап, оның неғұрлым ойландыратын, қиындау түрлерінен таңдауға кеңес береміз.