ҰБТ-ны 3 рет тапсырған Аңсағанның оқиғасы. Бұл 3-бөлім.
1-бөлім мына сілтемеде.
2-бөлім мына сілтемеде.
Сөйтіп, тағы бір жыл жұмыс істейтін болып шештім. Оқуға деген көзқарасым, түлек ретінде емес ересек адам ретінде өзгерді. Ситуацияға сырт көзбен қарайтындай дәрежеге жеттім.
Солай ыңғайлы екен. Әр нәрсеге бас ауыртып, кипишь жасай бермейсің. Макар айтпақшы: Если оно не твое, то зачем тебе оно. Если оно твое, то оно всегда.
Өзімнің алатын бір нәрсем барын білемін. Соған жеткенше шыдамдылық танытайын дедім)
3-ші жыл. Бір жыл стройкада жұмыс жасадым. Тест тапсыратын күн жақындап келеді. Дайындықты бастап кеттім. Осы жолы Физика таңдаймын дедім. Грант көп. Әйтеуір біреуіне түсіп алсам, әрі қарай импровизация. Бірдеңесі болар дедім)
100 ден 79 алдым. Доволенмін) Анау айтқандай көп болмаса да грантқа жету керек. Сезіп тұрмын. Астанадағы ЕНУ мен Аграркадан екі мамандықтан таңдап тапсырдым. Тест жауабы шығатын күн. Жүрек дүрс-дүрс. Маманыкы не болып жатқанын айтпасам да түсінікті. Ииииииии… Грант! Аграркаға түсіппін. Жылап жібердім😂
Жылайтындай бар еді өзі. Біреумен күрескенде былай тартып, былай тартып, уақыт созып, әйтеуір бір әдіспен құлатасың ғой. Вот сондай болды. Әп, жықтым ау әйтеуір) Уысыма түсті ау осы бақыт ☺️ Енді жібермеймін. Жабысып алам. Маған бұрын грант бермегендеріңе өкіндіртем. Кеткен 2 жылымды былай да былай қайтарып алам деп шештім. Мотивация аспанға кетіп қалған. Мама мәз. Осы бастысы.
Енді сұрақ: Сапромат, Сызу, Высшая Математиканы қалай оқимын? 😂
Бәрібір) Бастысы грант. Өзім айтып едім ғой: импровизация деп. Вот соның уақыты келді.
Айтарым: ҰБТ деген бір тау болса, оны ала алмастай көрмеңдер. Оны бағындырған соң, бұл жәй ғана бір төбе екенін түсінесіңдер. Ол таудан құлаудан да, жете алмаудан да қорықпаңдар. Если че айналып өте салуға болады)
Сәлеммен Анс 🙆🏻♂️