1. Сұлы ботқасы
Сұлы ботқасы - өте пайдалы әрі тойымды ас. Ағылшындар осы себепті де таңғы асқа сұлы ботқасымен тамақтанғанды жөн көреді. Ол адамға күні бойына сергектік пен энергия сыйлап, көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.
2. Күркетауық еті
Күркетауық еті көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, ұйқысыздықпен де күресуге көмектеседі.
Сондай-ақ ағзадағы бақыт гормоны - серотониннің бөлінуіне де әсер ететіні белгілі.
3. Жасыл спаржа
Жасыл спаржаның құрамында фоли қышқылы бар. Мамандар фоли қышқылының көңіл-күйге және депрессиямен күресуге жауап беретінін айтады.
4. Шпинат жапырақтары
Жапырақты көкөністер дәрумендерге толы болғандықтан, денсаулыққа өте пайдалы. Солардың ішіндегі ерекше орын алатыны - шпинат. Оның құрамында да, жоғарыда айтылған тағамдар секілді серотонин гормонының бөлінуіне әсер ететін заттар бар.
5. Табиғи йогурт
Йогурт – ағзадағы кальций дәруменінің орнын толтыруға таптырмас тағам. Бәріміз білетіндей, организмдегі кальций деңгейінің төмендеуі адамда депрессияның пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін, сол себепті де, адам ағзадағы кальций дәруменінің жеткілікті болуын үнемі қадағалап отыруы қажет.