Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Потенциалды жақсартудың 5 тәсілі

🌐 Шет тілдерін үйрену

Ғылым мен білімнің, бизнестің және ұлтаралық қарым-қатынастың ортақ тілі – ағылшын тілін үйренуге тырыс. Шет тілдерді білу арқылы сен басқа елдерге еркін саяхаттап, жалақысы жоғары жұмысқа орналаса аласың. Сонымен қатар тіл үйренудің миды жаттықтырып, есте сақтау қабілетін дамытатыны жайлы естіп пе едің?


🎼 Музыкалық аспаптарда ойнап үйрену

Музыкалық аспаптарда ойнау – IQ деңгейін көтеріп, концентрацияны дамытады. Егер құлшыныс болса, кез келген жаста меңгеріп алуға болады.


👥 Көпшіліктің алдында сөйлеп үйрену

Уоррен Баффеттің айтуы бойынша, қазіргі адамға ең керек қабілеттердің бірі – көпшіліктің алдында қысылмай сөйлеп үйрену. Неге? Себебі жоғары оқу орнына барсаң да, жұмысқа тұрсаң да жоба қорғап, өз қызметтеріңді ұсынатын боласың. Егер сол кезде көп адамның алдында ұялмай, өз ойыңды анық әрі нық сеніммен жеткізетін болсаң, өзгелердің назарын өзіңе еш қиындықсыз аударта аласың. Сол себепті де, өз-өзіңе деген сенімділікті көтергің

келсе, ең алдымен көпшіліктің алдында сөйлеп үйренуге кеңес береміз.


📝 Блог жүргізу

Блог жүргізу арқылы жазушылық қабілеттеріңді дамытып, маркетинг және жарнама секілді салалардағы біліміңді кеңейте аласың. Сонымен қатар блог жүргізу – танымал болып, басқа да блогерлермен араласуға мүмкіндік береді.


📖 Жылдам оқып үйрену

Кітапты жылдам оқып үйрену арқылы уақытыңды үнемдеп, өнімді бола аласың. Сондай-ақ ақпаратты тез қабылдап, жылдам оқып үйрену – есте сақтау қабілеті мен концентрацияны жаттықтырып, дамытуға көмектеседі.

Сөз соңында: оқушыларға есте сақтауды барынша жақсартып, оңайлату үшін біздің ҰБТ-ға дайындық курсында интервалды қайталау жүйесі пайдаланылады. Дайындық оқу жылының соңына дейін жалғасады, ал бағасы бөліп төлеу арқылы айына 8300 теңге. 😱 Жазылу үшін МЫНА сілтемеге өту керек.