Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Әлемдегі ең бай адам оқыған 3 кітап

Назарыңа әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтстің сүйікті 3 кітабын ұсынамыз.

1. "Вопрос жизни" - Ник Лейн

"Әлем қалай пайда болды?" деген сұрақ бәрімізді мазалаған шығар. Атақты британдық биохимик Ник Лейн осы және тағы да басқа адамзат баласын толғандыратын сұрақтарды өзінің "Вопрос жизни" деп аталатын кітабында қарастырып, оқырманға барынша түсінікті болуы үшін ғылыми терминдерді қарапайым сөздермен қызықты етіп түсіндіреді. Билл Гейтстің айтуынша, бұл кітап оның аса үлкен қызығушылықпен оқыған кітаптарының бірі болып табылады.


2. "Как никогда не ошибаться. Сила математического мышления." - Джордан Элленберг

Аталмыш кітапта біздің күнделікті өмірімізде терең математиканың жатқандығы жайлы айтылады. Алайда бұл кітапты оқып түсіну үшін саған математиканы жақсы көру мүлде міндетті емес, себебі автор күрделі тақырыптарды көпшілікке түсінікті, қызықты және оңай тілде жазып шығуға тырысқан.


3. "Способность конкурировать" - Риойчи Микитани, Хироси Микитани

Бұл кітапты Жапониядағы "Rakuten" атты ең ірі электронды коммерциялық компанияның басшысы және негізін салушы Хироси Микитани мен оның ұлы Риойчи Микитани бірігіп жазған. Кітапта Жапонияның экономикалық дамуы, білім саласы және тағы да басқа мәселелер қозғалады. Бұл кітаптың Билл Гейтстің сүйікті кітабына айналуының бір себебі оның Жапонияға деген ерекше махаббатынан білінеді.