1. «Жоқ» деген жауаптан қорықпау
«Жоқ» деген жауапты естіп, сәтсіздікке ұшыраудан қорыққанның кесірінен ойымызға алған істі бастай алмай, көптеген мүмкіндіктерді жіберіп аламыз. Гарри Поттер сериясының авторы кітапты басып шығаруға ұсыныс жасағанда, қанша баспа бас тартқанын білесің бе? 14 рет. Алғашқы «Жоқ» деген сөзден кейін автор әрекет етпесе, керемет туынды жарық көрмес еді.
2. Өзіңнің не қалайтыныңды түсіну
Әр апта сайын немесе күн сайын өзіңнен осы аптаны қалай өткізгенің жайлы сұрап отыр. Сондай-ақ «Мақсаттарыма сәл де болса жақындадым ба?», «Уақытымды пайдалы өткізе алдым ба?» деген сияқты сұрақтарға да жауап бер. Егер болашақта өкінгің келмесе, осы сұрақтарды өзіңе міндетті түрде қойып отырған жөн.
3. Байқап көру
Болашақта өкінгенмен, уақытты артқа қайтара алмайсың. Сондықтан қазір уақытың мен мүмкіндігің болып тұрғанда, қалағаныңды орындап, байқап көруге тырыс.
Мысалы: жазушы болуға ұмтылсаң, онда уақыт созбай, ойыңдағыны қағазға түсіріп, әңгіме немесе мәтін жазып көр. Мүмкін уақыт өте келе атақты жазушылардың біріне айналарсың немесе бас тартарсың. Бірақ бұл екеуінің қайсысы екенін анықтау үшін міндетті түрде алдымен байқап көруің керек.
4. Сәтсіздіктерді ойлап, уайымдамау
Көп адам сәтсіздікке негативті көзқараспен қарап, бір рет сүрінсе болды, оп-оңай беріле салады.
Алайда бір рет, тіпті бірнеше рет сәтсіздікке ұшырасаң да, қолыңды бір сілтеп, беріле салуға себеп емес. Керісінше, бұл –әрбір сәтсіздіктен сабақ алып, қателіктеріңді түзетіп, тағы бір рет байқап көруге себеп.
Сондықтан болашақта босқа өкініп қалмас үшін сәтсіздіктерге деген көзқарасыңды өзгертіп, өзіңе тағы да бағыңды сынап көруге мүмкіндік бер.
5. Өзіңді дамыту
Креативті және логикалық ойлай білу, тайм-менеджмент, мнемотехника, жылдам оқу секілді қабілеттердің барлығы қандай іспен айналыссаң да керек болады. Сол үшін де, қазірден бастап өзіңді дамытуға уақыт пен ақшаны аяма. Өзіңді дамытуға және білім алуға жұмсалған ресурстардың барлығын, болашағыңа құйылып жатқан инвестиция деп қабылда.
Болашаққа жасалатын ең жақсы инвестиция – білім. Joo-мен бірге ҰБТ-ға дайындалып, қазірден болашағыңды қамда 😉