Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Энергияң таусылса...

1. Таза ауада көбірек уақыт өткізіп, бөлмеңді жиі желдетуге тырыс. 

2. Перделерді ашып, бөлмеңе күннің жарығы түсуін қадағала

3. Таңғы гимнастика жаса немесе көңілді әнге биле. Бұл көңіл-күйіңді көтеріп, бір күнге жететіндей энергия сыйлайды. 

4. Терең тыныс ал. Өйткені бұл сенің организміңді оттекпен қамтамасыз етіп, денеңді позитивті энергияға толтырады. 

5. Жеміс-жидектерді көбірек тұтынып, жиі-жиі күлімдеуге тырыс. 

6. Теледидар мен смартфонға үңіле бермей, жақсылап ұйықтап ал. 

7. Сүйікті ісіңмен айналыс, фильм қара немесе жақын досыңа хабарлас. Бастысы, өзіңді қуантатын іс болсын. 

8. Әрбір күніңді алдын-ала жоспарлап отыр. Бұл саған энергияңды бостан-босқа құртпауға мүмкіндік береді. 

9. Жақсы істер жасап, жан-жағыңдағы адамдарға көмектесуге ұмтыл. 

10. Түстен кейінгі уақытта 10-15 минуттай тынығып алуға тырыс, бұл миыңды тынықтырып, өзіңді әлдеқайда жақсырақ сезінуге көмектеседі.