Кітаптар адамның өміріне әсер етіп, көзқарасын өзгертетін күшке ие. Олар бізге жаңа мүмкіндіктер ашып, сенімділік береді. Уақыт машинасына мінгізіп, 100 жыл артқа апара да алады. Бүгінгі постта өмір жайлы бір рет ой елегінен өткізуге мүмкіндік беретін 2 мықты кітапты ұсынбақшымыз.
1. Мэг Джэй - "Важные годы. Почему не стоит откладывать жизнь на потом"
Мэг Джэй бұл кітабында жастардың өмірді кейінге қалдырып, қабілетін дамытпай, саяхаттамай және армандаған жұмысқа тұруға ұмтылмайтын алға тартып, осы тақырып төңірегінде біраз ой қорытады.
2. Михаил Лабковский - "Хочу и буду. Принять себя, полюбить себя и стать счастливым"
35 жылдық еңбек тәжірибесі бар Михаил Лабковский әрбір адам өзі қалағандай өмір сүріп, бақытты бола алатындығына нық сенімді. Көп адамдар өз-өзімен гармонияда болып, қорқыныштан құтылып, сенімді болудың жолын білмейді. "Хочу и буду" атты кітабында бақытты өмір сүруге арналған нақты және пайдалы кеңестерді келтірген. Егер ішкі жан дүниеңді танып, өз-өзіңді қабылдап, жақсы көруді үйренгің келсе, осы кітапты міндетті түрде оқып көруге кеңес береміз.