Қазақша посттар
2022-08-04 17:01 Мотивация

Айфоныңды қалтаңа салып қой

Деп көптеген адамға айтқың келеді. Білімсіз адам қолына қымбат зат алып, өзін қадірлі көрсеткісі келеді. Білімді адам білімі көбейген сайын кішіпейіл болады. Ол үшін қымбат зат тек тұтыну заты боп саналады. Кезінде ең бай кісілердің бірі Стив Джобстың он жыл бойы қалай киінгені естеріңде шығар? Бір водолазка, бір джинсымен қарапайым өмір сүрген. ИКЕА-ның негізін салушы миллиардер эконом класспен ұшып, қарапайым қонақ үйдің бөлмесін қолданады.


Ал білімі шамалы адам Айфон 12 алса, онысын қалтасына сыйдыра алмайды. Қайта-қайта жұрттың алдында шығарып, смартфон арқылы өзін қабылдатқысы келеді.

«Киіміне қарай қарсы алады. Біліміне қарай шығарып салады» дейтін қазақтың сөзі бар. Әсем киініп, қымбат гаджет ұстайтын қонақты кез келген адам құрметпен қарсы алады. Сұхбаттасып, өресін білген соң, «дым білмейтін, өзімсінген біреу екен» деп қорытады. Сыртқы киім киісіне білімі сай адам кез келген ортаның қадірлі адамына айналады.

«Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы; жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы» дейтін тамаша сөз бар. Нағыз жігіт, қыз қылатын валюта – білім мен кішіпейілдік!