География – оңай пәндердің бірі. Есте сақтау қабілетіңді жақсылап шыңдасаң, ақпараттарды жақсы еске сақтайсың. Соған сай жақсы балл жинауға болады.
Ал математика – қиын пәндердің бірі. Логика, есеп шығару, талдау, сабырлық қажет. Бір жағынан мұғалімге де байланысты. Егер қызық қылып өткізе алса, кез келген қиын сабақ оңай боп кетеді.
Осы екі пәнді таңдап, мына 9 түрлі мамандыққа түсе аласың:
- Әлеуметтану
- Менеджмент және басқару
- Аудит және салық салу
- Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
- Маркетинг және жарнама
- Еңбек дағдылары
- Жер туралы ғылым
- Кадастр және жерге орналастыру
- Көлік қызметтері
Бұл мамандықтардың көбіне сұраныс жоғары. Айлықтары да жоғары. Мысалы, «Маркетинг және жарнама» мамандығын мықты білетіндерді қазіргі уақытта таппай жүр. Себебі нарық онлайн саудаға көшті. Бұрыннан оффлайн сатып жүргендер онлайнға ауысып, жаңа аудитория табуға мұқтаж болды. Ал бұл жұмысты маркетологтар жасайды.
Толығырақ білу үшін «Мамандықтар» бөліміне өт. Сондай-ақ, бұл бөлімде сен грантқа түсу мүмкіндігіңді ТЕГІН біле аласың (ақпарат: 2021).
МЫНА сілтемеге өт.