Қазақша посттар
2022-08-03 16:56 Пайдалы кеңестер

140 балл мақсат емес!

ҰБТ – университетке қабылдау емтиханы. 11 жылдық біліміңнің көрсеткіші емес.

Жоғарғы білім алу үшін мемлекет тарапынан бөлінетін ГРАНТ конкурстық негізде беріледі. Қысқаша айтар болсақ, грант конкурсына қатысқандардың ішінде ең жоғары жинағандары грант иегері атанады.


Статисткалық мәліметтерді қарайтын болсақ, әр мамандықтың грантқа түсу баллы әртүрлі екенін көреміз.

Мысалы стоматологияға грантқа түсу үшін 133 балл керек болса, механика мамандығы үшін 50 балл жеткілікті.


Сондықтан сенің мақсатың 140 балл алу болмауы керек. Оның орнына, нақты сен қалаған мамандыққа грантқа түсу үшін неше балл қажет болса, сол балл сенің мақсатың болу керек.

Біреу үшін 60 балл жеткілікті, ал біреу үшін 130 да жеткіліксіз болу мүмкін.

ҰБТ үшін жинаған біліміңнің көбі әрі қарай университетте қажет емес!

Егер маған грантқа түсу үшін 60 балл да жеткілікті болса және ол білім әрі қарай қажет болмаса мынадай орынды сұрақ туындайды: «Не үшін жаным шыққанша 140 баллға дайындалып жүрмін?».


Сыныпта немесе туысқандар арасында ұятқа қалмас үшін бе? Әлде мектептің рейтингін көтеру үшін бе?

Сен неше балл алсаң да ұят емес. ҰБТ нәтижесі сенің біліміңнің, ақылдылығыңның көрсеткіші емес! ҰБТ нәтижесі тек қана ҰБТ-ға қаншалықты дайындалғаныңның көрсеткіші.

Маған жоғарғы оқу орнына грантқа түсу үшін неше балл жеткілікті болса, сол баллға дейін дайындалып, қалған уақытымды пайдалырақ нәрселерге жұмсағаным дұрыс емес пе? Мысалы ұнатқан мамандығым жайлы көбірек білуге, сол жайлы ақпарат іздеп сол саланың мамандарымен сұқбаттасқан абзал.


Көбісінің жасайтын қателігі әйтеуір дайындалып жүреді де, жыл соңында 60 балл алып қалдым енді қайда грантқа түсе аламын деп сұрайды.

Керсінше қай мамандық иесі болғың келетінін қазір анықтап, оған грантқа түсу үшін неше балл қажет болса, соған қарай жүйелі дайындал!