Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Интеллектке сай мамандық 🧠

1983 жылы психолог Ховард Гарднер интеллекттің әртүрлі түрлері болатыны жайлы теориясын ұсынады.


Гарднердің ойынша, бұл теория әр адамға өзінің интеллект типін білуге және соған сай мамандық таңдап, өмірлік мақсаттарын анықтауға көмектеседі.

  1. Логика-математикалық интеллект
  2. Логика-математикалық интеллект адамның есеп шығаруда рационалды талдау жасап, математикалық амалдарды орындай алу қабілетін білдіреді. Сонымен қатар бұл интеллектке ие адамдар сандық есептеу, ұсыныстар мен гипотезаларды қарастыру және күрделі логикалық операциялармен де жақсы жұмыс істей алады.
  3. Бір сөзбен айтқанда, бұл физика мен математиканы жақсы көретін және соған қабілеті бар жандар.
  4. Тілдік интеллект
  5. Тіл үйренуге және жазушылыққа қызығатын адамдарда болатын интеллект - тілдік интеллект деп аталады.
  6. Бұндай адамдарға дипломат, аудармашы немесе журналист секілді тілмен байланысты мамандықтар сәйкес келеді.
  7. Музыкалық интеллект
  8. Әртүрлі аспаптарда ойнай алатын және әртүрлі музыкалық ырғақтар мен тембрлерді оңай ажырата алатын зеректікке ие адамдарда музыкалық интеллект дамыған.
  9. Бұл нағыз музыкант, әнші болуға лайық адамдар.

Интеллект типтерінің басқа түрлеріне де тоқталып, талдау жасайық па?