Біз айтпағанмен мектепте ғашықтық атмосферасы әрдайым орнап тұратынын білеміз. Алғашқы махаббат мектеп партасынан басталып жатады. Әрине, сезім деген жақсы ғой, бірақ ҰБТ-ға, сабаққа, көңіл күйге кедергі жасайтыны жаман.
Жоғарғы сынып оқушылары «өтпелі кезең» дейтін қиын шақтан өтеді. Бұл кезеңде жеткіншек бозбалаға айналып, соған сай гормондар пайда болады. Ұлдың даусы жуандап, бойы ұзарып, мұрты тебіндейтін кез. Соған сай мінез құбылмалы, тез ашуланғыш, асығыс шешім шығарғыш, морт сынғыш келеді. Бұған ғашықтық проблемасын қос.
1) Ұнатқан адамын ойлай-ойлай сабаққа зауқы қашады.
2) Ұнатқан адамынан «жоқ» деген жауап алып, депрессияға түседі.
3) Ұнатқан адамынан «иә» деген жауап алса, екеуінің де сабағы жайына қалады.
Үлкендер айтпақшы, «бесіктен белің шықпай жатып, махаббат сенің не теңің?». Бәрібір алғашқы махаббат алдамшы, жай ғана ағзада боп жатқан химиялық процестер. Назарыңды барынша сабаққа бұрсаң, сезім де өшеді. Өйткені ол тез келіп, тез кететін уақытша нәрсе. Алдымен ҰБТ-ға жақсы дайындалып, грант ұтып ал. Әрі қарай үйленесің бе әлде күйеуге шығасың ба, жағдайға қарай көресің.
Кез келген уақытта үйленіп үлгерерсің, ал оқуды жастық шақта оқу керек. Барлық назарыңды ҰБТ-ға дайындалуға бұрғың келсе, онда JOO.kz курсына қатыс. Грант ұтуыңа кепілдік береміз. Алда-жалда ұтпай қалсаң, ақшаңды қайтарып береміз.