Осы уақытқа дейін біз мамандық таңдарда былай деп айтып келдік: қай іске икемің бар, соған қатысты мамандық таңда, арманың не, соны қуалап, соған қатысты мамандық таңда.
Ал икемің қандай нәрсеге келетінін білмесең ше? Қандай мамандық таңдайтыныңды білмесең ше?
Дұрыс қой, өмірің енді басталып жатыр. Қандай мамандықтың қандай екенін егер оны істеп көрмесең, қалай білесің??? Сондықтан керемет лайфхак ұсынбақпыз. Ол былай:
НЕНІ ҚАЛАМАЙСЫҢ, НЕНІ ҰНАТПАЙСЫҢ, СОҒАН МӘН БЕР! Ол қалай?
Мысалы, жасы қырыққа келсе де басында үйі жоқ, астында көлігі жоқ, жақсы жұмысы жоқ, қарызы көп, жарасымды киімі жоқ, бір іске ебі жоқ бір кісіні көріп: «Дәл осы жасқа келгенде мен мына кісі сияқты болғым келмейді» деп өзіңе серт бер.
Анаң кредит төлеп, бір көйлегін тойға бірнеше рет киіп, үйдің шаруасынан аса алмай жүрсе: «Мен анамның бұлай жүргенін қаламаймын. Ол кредит төлеп қиналмауы тиіс. Әдемі көйлегі көп болуы тиіс. Үйде емес, әлемнің көрікті жерлерінде қыдырып, демалуы тиіс» деп өзіңе серт бер.
Мұндай нәрсе мықты шабыт береді. Бұдан кейін сен қай мамандықты таңдасаң да сол салада мықтысы боласың. Қаржылық сауаты жоғары, айлығы жақсы, бизнесі бар, бірнеше тілді меңгерген, денсаулығы мықты адам болуға тырысасың. Және соған жетесің.
Ендеше, комментке жазыңызшы. Қандай нәрсені қаламайсыз?