Қазақша посттар
Өміріңді қуанышқа толтыратын 8 сұрақ
Пайдалы кеңестер

Өміріңді қуанышқа толтыратын 8 сұрақ

Берілген 8 сұраққа 8 күн бойы жауап беріп, нәтижесін бақыла. Сұрақ қойғанда, басыңа бірінші не келеді, соны жазуға тырыс. Көп ойланбай, өзіңді қуантатын әрі позитивті жауап жазуға талпынғаның жөн.


1. Маған энергия мен қуаныш сыйлайтын не нәрсе және не себепті?

2. Менің ең жақсы көретін естеліктерімнің бірі?

3. Мен өзімді қандай жағдайда ерекше сезінемін?

4. Әлемді көркейту үшін мен не істей аламын?

5. Мен үшін мінсіз күн деген қандай күн?

6. Мен еш ойланбастан қандай тәуекелге барар едім?

7. Мені күлдірген оқиға?

8. Күн сайын өзімді қуантып, өзіме бақыт сезімін сыйлау үшін мен не істей аламын?