Көптеген адам өмірін өзгертіп, жетістікке жеткісі келеді. Болашаққа жоспар қойып, соны орындағысы келеді. Бірақ шынымен соны орындап, әрекет етуге келгенде, көбі еріншектікке салынып, неше түрлі сылтауларды айтып, ақталуға тырысады. Бұл - өзіңе-өзің жау болу деп аталады. Ал енді бұдан қалай құтылуға болады?
1. Барлық проблема баста екенін ұмытпағаның жөн. Соны ескере отырып, ең алдымен өзіңді артқа тартатын не нәрсе екенін анықтап алуға тырыс.
2. Миыңды идеялармен толықтырып, күнделікті өміріңе жаңа әдеттер енгізіп отыр.
3. Егер сенің арманың кітап жазу болса, онда, мысалы күніне 200 сөз жазудан бастауыңа болады. Ең бастысы, күн сайын осылай арманыңа қарай қадам жасап, өзіңді қатты сынамасаң болғаны.
4. Өзіңді дамыту үшін сен өзіңе өзің дос болуың керек. Күніне кішкентай қадамдар болса да жасап, мақсатыңа жетуге тырысуың керек. Сонда ғана барып, армандарыңа қол жеткізіп, өміріңді өзгерте аласың.