Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

5 жылдан кейін өзіңді қалай елестетесің? 📆

Өз-өзіңе болашаққа хат жазу саған орындағың келетін армандарың мен мақсаттарыңды нақтылап, алдағы 5-10 жылда өзіңді қандай салада және қандай іспен айналысатыныңды айқындауға көмектеседі. Сонымен қатар жылдар өте көзқарастарың мен өмірлік құндылықтарыңның қалай өзгергендігін де байқауға керемет мүмкіндік.


Болашаққа хат жазудың тағы бір артықшылығы: егер сен хатта жазылған армандарыңның 3/1 бөлігі болса да орындалғанын көрсең, бұл саған алдағы 5-10 жылға арнап, тағы да хат жазуға мотивация береді.


Зерттеулерге сүйенсек, болашаққа хат жазып, 5-10 жылдан кейін қандай болатыныңды елестету саған мінез-құлқыңды дұрыстап, жағымсыз әдеттерден неғұрлым тезірек арылуыңа көмектесетіні дәлелденді.


Мысалы сен қазір өз денсаулығыңа немқұрайлы қарап жүрсің делік. Ал енді көз алдыңа елестетіп көрші, 10-20 жылдан кейін сенің денсаулығың қандай күйде болады?

Осындай секілді зерттеулер адамдарға қатты әсер етіп, олар қазіргі істерінің салдары болашақта өздеріне зиян болып тиетінін түсінген соң бірден өмірлерін өзгертуге бел буады.


Сонымен болашаққа хатты қалай және қайда жазу керек?

Болашаққа хат - бұл сенің өзіңе арнап жазған жеке күнделігің секілді. Сондықтан оны қалай жазғың келсе де, өз еркіңде.


Хатта өзіңнің армандарың мен мақсаттарың туралы жазып, болашақ "өзіңе" қолдау хат ретінде жазуыңа болады. Егер арманың әлемді шарлап, саяхаттау болса, онда өз көзіңмен көргің келетін жерлер мен елдердің тізімін жаз. Немесе армандаған жоғары оқу орныңда оқып жатқаныңды елестетіп, оқуды бітіргеннен кейін қай жерде жұмыс жасағың келетіні жайлы жазсаң да болады.


Бастысы, шабытыңа ерік бер де, өзің қалағандай жазып шық.

Хатты жазу және жіберу үшін мына сайттарды қолдануыңа болады:

• FutureMe

• LetterMeLater

• Letter2Future

• Talentedme